Тоқаев Шерзаттың ісіне қатысты тың мәлімдеме жасады

Фото: gov.kz

Жаңалықтар
613

Президент Талғардағы оқиғаға қатысты құзырлы органдар қабылдаған барлық шара заң талаптарына толық сай келетінін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Мемлекет басшысы ел ішінде үлкен дүрбелең туғызған Талғардағы қылмыстық оқиғаға қатысты пікірін жеткізді.

«Қайталап айтамын, елімізде «Заң мен тәртіп» қағидаты мызғымастай орнығуға тиіс. Мен Талғар оқиғасына дейін жариялаған Жолдауымда құқық қорғау органдарынан қылмыс пен қарақшылықтың тамырына балта шабуды талап еттім», - дейді Президент Ана тілі газетіне берген сұхбатында.

Талғардағы оқиғадан кейін құқық қорғау органдары қажетті шаралардың бәрін қабылдады. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеп-тексеру жұмыстары аяқталуға жақын. Көп ұзамай осы іске қатысты сот болады.

"Бұл оқиғаға орай құзырлы органдар қабылдаған барлық шара заң талаптарына толық сай келеді. Ал басқаның бәрі – құр дақпырт пен теріс пиғылды кейбір топтардың осы жағдайға саяси сипат беруге деген ұмтылысы ғана. Бұған жол беруге болмайды», - деді ол.

 

Әлем

JetBlue әуе компаниясының Airbus A320-232 ұшағы 6 қаңтарда Нью-Йорктегі Джон Кеннеди әуежайынан ұшып...

Айна

Бұл сұрақ барлық адамды ойландыратыны анық. Өйткені бір жылдан бері күнде таңертең өзгелерден екі-үш...