Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросы өтіп, депутаттар 7 наурыз күні өтетін С...
Зообақ пен көшпелі цирк қызметінен босатылған жануарлар қазір қайда
Фото: Шедеврум
Елімізде хайуанаттар бағы мен көшпелі цирктер қызметіне тыйым салынғаннен кейін жануарлар қайда жіберілгені белгілі болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Былтыр желтоқсанда Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев биыл 1 қаңтардан бастап Қазақстанда көшпелі цирктер мен зообақтарға тыйым салынатынын мәлім етті.
Осы өзгерістен кейін Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII Заңының 18-бабының 6-тармағына сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап көшпелі цирктер қызметіне тыйым салынды.
Цирктен босатылған жануарлар қазір қайда? Бұл сұрақ төңірегінде kaz.inform.kz мынадай жауап алған.
— Көрсетілген мерзімде қызметін тоқтатпаған және құжаттарын заң талаптарына сәйкес келтірмеген жағдайда мәселе жергілікті атқарушы органдардың өтініші бойынша сот тәртібімен таратылады. Заңның 4-бабының 3-тармағына сәйкес егер жануарды нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалану мүмкін болмаса, жануардың иесі немесе жауапты адам жануарды өздігінен өлгенге дейін бағуды қамтамасыз етуге немесе жануарларға арналған панажайға, қажетті жағдайлар жасай алатын жеке немесе заңды тұлғаларға беруге міндетті, — деген жауап алдық Экология және табиғи ресурстар министрлігінен.
Дегенмен, министрлік 1 қаңтарда күшіне енген тыйымды бұзған жағдайда, хайуанаттар бағы мен көшпелі цирктер қызметіне әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмағанын айтып отыр.
Сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес хайуанаттар бағы мен жануарларды қолданатын көшпелі цирк кәсібіне мемлекеттік қолдау қарастырылмаған. Одан бөлек, Экология министрлігі ел аумағында қанша хайуанаттар бағы мен көшпелі цирктер барына санақ жүргізбейтін болып шықты.
Министрлік заңмен салынған тыйымды қалай бақылап отыр
— «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңның 27-бабына сәйкес қоғамдық инспекторлар және жарғысында жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында қоғамдық бақылау жүргізу жөніндегі қызметті ұсынатын коммерциялық емес ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылау ерікті және өтеусіз негізде жүзеге асырылады, — делінген ресми сауал жауабында.