Қазақстандық кәсіпкер Қасым ханның қылышын елімізге қайтарады

коллаж: madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1100

Танымал кәсіпкер Айбек Барыс өзіне ерекше ұсыныс түскенін айтты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ .

Кәсіпкер Түркияда қазақтың соңғы ханы Қасым ханның қылышы жеке коллекцияда сақтаулы тұрғанын және оның иесін іздеп жатқанын айтты. Оны елге қайтаруды мақсат еткенін жасырмады.

«Осыдан жарты жыл бұрын маған бір топ азамат ерекше ұсыныс жасады. Олар қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі Қасым ханның қылышы жеке коллекцияда жатқанын айтты. Енді ерекше өтінішім бар, түрік бауырларыма, түрік ағаларыма осы жеке коллекцияда жатқан қылыштың иесін тауып беруді сұраймын. Өйткені бұл қылыш тек қазаққа ғана бүкіл түркі әлеміне тиесілі, ортақ тарихымыз. Қасым ханның қылышы біздің еліміздің рухының символы. Сол үшін міндетті түрде қайтарйық», - деді Айбек Барыс.

Ал тауып берген адамға алғыстан бөлек, жақсы сыйлық бар екенін де жасырмады.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен...