Дамуында ерекшелігі бар баланы сегіз оқушы соққыға жыққан

Фото: 24KZ

ЖАҢАЛЫҚТАР
728

Дамуында ерекшелігі бар баланы сегіз оқушы соққыға жыққан. Оқиға Астанада болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Баланың анасы болған жағдай туралы әлеуметтік желіде жазба жариялаған. Оның айтуынша, ұлына сегіз оқушы сабақтан кейін әдейі күтіп тұрып шабуыл жасаған.

«Менің ұлымды мектепте ұрып кетті. Сегіз бала оны сабақтан кейін күтіп тұрған. Барлығы бір баланың достарының алдында өзін «крутой» етіп көрсеткісі келгені үшін болды. Ұлым сыныптан шыққан кезде оған артынан шабуыл жасап, тұншықтырып, ұра бастаған. Ұлыма 15-тен астам соққы жасалды. Қалғандары жанында тұрып, ешкім араша түспеуі үшін басқаларды ұстап тұрған», – деп жазды анасы.

Анасының сөзінше, баланың сөйлеу және психикалық дамуында кідіріс бар. Ең өкініштісі – ол өзіне не үшін мұндай қатыгездік жасалғанын толық түсінбеген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Абай облысында бір тәулік ішінде екі бүлдіршін терезеден құлап кетті. Қайғылы жағдайлардың бірі өлім...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы дәрігерлер бесінші қабаттың терезесінен құлаған төрт жасар баланы аман алып қалып, оның а...