Алматыда автобуста қызды еркінен тыс сүймек болған азамат ұсталды (ВИДЕО)

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
577

Алматыда қоғамдық көлікте жолаушы қызға тиіспек болған ер адам ұсталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оқиға №86 бағыттағы автобуста болған. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз ер адам қыздың мойнынан ұстап, оны еркінен тыс жақындасуға мәжбүрлеген. Сол сәтте автобустағы жолаушылар дереу араласып, күдіктіні көліктен шығарып жіберген.

Алайда біраз уақыттан кейін ер адам қызды қайта аңдып, такси күтіп тұрған жерінен жақындауға әрекет жасаған. Жәбірленуші бұл жолы қашып құтылып, қауіпсіз жерге жеткен.
Алматы қалалық Полиция департаменті күдіктінің жеке басы анықталғанын мәлімдеді. Ол ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам психоневрологиялық мекемеде есепте тұрған. Осыған байланысты ол арнайы медициналық ұйымға жіберіліп, психиатриялық сараптамадан өтеді.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктінің әрекетіне заң аясында құқықтық баға берілмек.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Димаш Құдайберген туған жерінде бейнебаян түсіреді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.  Өнер иесі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ-та балаларды ұзақ уақыт бойы қамауда ұстаған қылмыстық топ әшкереленді, деп хабарлайды MadeniPor...