Өткен жылдың қорытындысына сәйкес ел экономикасы жаңа жағдайларға бейімделіп, орнықты даму жолына тү...
Алматыда автомобиль аялдамаға соғылды: 20 жастағы қыз зардап шекті
Сурет ашық дереккөзден алынды
Алматыда автомобиль автобус аялдамасына соғылды, соның салдарынан жаяу жүргінші зардап шекті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, жол апаты 16 қыркүйекте Назарбаев даңғылында, Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің арасындағы аялдамада болған.
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде, бұл жол-көлік оқиғасы сағат 13:45-те Бостандық ауданында болғанын мәлімдеді.
«DaimlerChrysler маркалы автокөліктің жүргізушісі Назарбаев даңғылымен оңтүстік бағытта жүріп келе жатып, Сәтбаев көшесінің солтүстігінде рульге ие бола алмай, кедергіге – яғни жиек тасына соғылған. Кейін қозғалысты жалғастырып, батыс жақтағы жол жиегіне шығып кетіп, аялдама кешеніне соғылды. Аялдама кешенінің металл тіректерінің сынықтары жаяу жүргінші – 20 жастағы қыздың денсаулығына зиян келтіріп, ол қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді», – деп хабарлады полицияда.
Апат фактісін Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексеріп жатыр.