Туризм және спорт министрлігі (бұдан әрі - ТСМ) Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі...
Астана – Щучинск автожолында газель өртеніп кетті (ВИДЕО)
видеодан алынған скрин
253
Астана – Щучинск автожолындағы «Щучинск» ақы алу пунктіне кіреберісте қозғалыс жолағында «Газель» автокөлігі өртенді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды. Оқиғаға байланысты аталған жолақтағы қозғалыс уақытша тоқтатылды. ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына келіп, өртті толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта жол қозғалысы қалпына келтірілді.
«Техникалық байқаудан белгіленген мерзімде өтіп, автокөлікке уақытылы техникалық қызмет көрсетіңіз. Әсіресе электр сымдарының, жанармай жүйесінің, қозғалтқыштың, аккумулятордың және басқа да маңызды тораптардың жағдайына назар аударған жөн. Олардың ақауы жол үстінде қауіпті жағдайға әкелуі мүмкін», - деп хабарлады «қазавтожол» компаниясы.