Алматыда ер адам екі тұрғынды пышақтап кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
3025

Алматының орталығында ер адам екі тұрғынды пышақпен жаралады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Куәгерлердің айтуынша, 27 қазанда сағат 15:00 шамасында Дунаевский мен Жароков көшелері қиылысында жараланған ер адам сол маңнан өтіп бара жатқан адамдардан жедел жәрдем шақырып беруді өтініп, бейтаныс біреу пышақтағанын айтқан. Кейінірек тағы бір жаралы туралы белгілі болды, ол қансырап, Дунаевский көшесіндегі орындықта отырып қалған. Ол да белгісіз адамның құрбаны болған.

Алматы полиция департаменті мәліметінше, шабуылдарға қатысы бар күдікті ұсталған.

“Бостандық аудандық полиция басқармасы дене жарақатын салу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бейтаныс ер адамдар арасында жанжал болған", - деп хабарлады ведомство.

 

Шоу-бизнес

Есірткі контрабандасына қатысты іс бойынша екі айға қамауға алынған рэпер NAVAI Тараздағы тергеу изо...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Құрылтай депутаты Ләззат Қожахмет 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін әлеуметтік жәрдемақы т...