Қыркүйек айының басында әлімжеттік салдарынан тағы бір оқушы көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz.&nb...
Жасыл түске боялған: Астанада Есіл өзені тазартылды
Фото: sputnik
472
Астанада жасыл түске боялған Есіл өзені тазартылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Жасыл түске боялған өзен тұрғындарды алаңдатып қойған болатын.
«Биыл Есіл өзенінің жекелеген учаскелерінде судың гүлденуі көпжылдық көрсеткіштерден асып түсті. Бұған ауа температурасының қалыптан тыс жоғары болуы мен су деңгейінің төмендеуі негізгі себеп», - дейді мамандар.
Айтуларынша, азот пен фосфор қосылыстары сияқты биогендік заттар, сондай-ақ органикалық ластағыштар да қосымша салмақ түсіреді.
Әкімдік өзен акваториясында күн сайын санитарлық тазалау жұмысы жүргізілетінін айтты.
Ол үшін заманауи биологиялық тазарту әдістері қолданылады.