Астана су қоймасының суы енді ішуге жарамсыз, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.k...
Күйеуінің мәйітін өртеген әйелдің туыстары ел алдына шықты
Фото: әлеуметтік желі
Алматыда өз күйеуін өлтіріп, өртеген әйелдің туыстары алғаш рет ел алдына шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Күдіктінің сіңлісі Руслан Өтепбайға сұхбат берген. Ол өз сөзінде әпкесінің өз жазасын алуына қарсы емес екенін айтты.
“Өзімнің ойым, әр адам жасаған қылмысының жазасын алуы керек. Мен бұл жерде балаларды ойлаймын. Олардың болашағы не болады деп. Әпкем қорыққаннан мәйітті Кегенге апарып өртеген. Енді ол балаларымды арашалап қалыңдаршы деп отыр”, - деді күдіктінің сіңлісі.
Алматы облысының Кеген ауданында полиция қызметкерінің өртенген мәйітінің табылуы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қайғылы оқиғаға байланысты адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, бірнеше күдікті ұсталды.
Алдын ала мәліметке сәйкес, марқұм – Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасында қызмет еткен 37 жастағы Аслан Әлсеров. Оның өртенген мәйіті 23 маусым күні Кеген ауданындағы таулы аймақтан табылған. Бұл туралы хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілген.
Алматы облыстық полиция департаменті қаза болған адамның полиция қызметкері екенін растады. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ретінде марқұмның жұбайы, кәмелетке толмаған ұлы және тағы бірнеше адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қылмыстық іс адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен және ерекше қатыгездікпен жасалған адам өлтіру бабы бойынша тергеліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды.