Белгісіз біреу көлікпен адамдарды әдейі қағып өлтірді

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2093

АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласындағы қайғылы оқиғадан қаза тапқандар 15 адамға жетті. 35 адам жараланған, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасап, CNN телеарнасы хабарлады.

1 қаңтарда Жаңа Орлеанда ер адам көлікпен адамдарды әдейі қағып, кейін көліктен түсе сала оқ атқан еді. Басында он адам қаза тапқаны айтылған. Полиция атыс кезінде шабуылдаған адамды атып өлтірген еді.

Қала билігі қылмысқа күдікті Техаста тұрған 42 жастағы Шамсуд-Дин Жаббар дейді. Ол бұрын АҚШ әскерінде қызмет еткен. Күдіктінің көлігінен "Ислам мемлекеті" террорлық тобының туы, қару және жарылғыш зат табылғаны айтылды.

АҚШ-тың тергеу бюросы оқиғаны "теракт" деп тергемек.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...