Түркістанда мектеп оқушысын зорлаған 71 жастағы ер адамға үкім шықты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
135

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық соты 71 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Ол 15 жастағы кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталған.

Жәбірленуші мен сотталушы көрші тұрған. Қыздың анасы Астанаға, әкесі қарауыл болып зиратқа кеткенде үйіне ұрланып кірген. Қыз бала үйінде сіңлісімен ғана қалған екен. Сөйтіп, туысын қорлайды. Алғашқы күні жасаған азғындығын ол үш күн қатарынан жалғастырады. Соңында жеткіншек жүкті болып қалған”, – дейді Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы Дәурен Мадалиев.

Сот оны Қылмыстық кодекстің 120-бабы (16 жасқа толмағанды зорлау) және 149-бабы (тұрғын үйге заңсыз кіру) бойынша кінәлі деп таныды. Ер адам 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Сондай-ақ оған өмір бойына педагогика саласында және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге тыйым салынды.
Іс жабық режимде қаралды. Белгілі болғандай, жәбірленуші 2025 жылдың қаңтарында бала туған. Қылмыстық іс қоғамда резонанс тудырған болатын.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал журналист Жанат Жақсыбайқызы шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Ол Атыр...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көші-қон заңнамасын сақтау аясында болу тәртібін бұзған 40 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды, деп...