Павлодарда салынып жатқан көпір өртенді (ВИДЕО)

ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
150

Павлодар қаласында Ертіс өзені арқылы салынып жатқан ерекше көпірде тағы да өрт шықты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Төтенше жағдай қызметінің мәліметінше, оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жылу оқшаулағыш материалдар мен ағаш конструкциялардың жанғанын анықтаған. 

Оқиға 21 сәуір күні кешке болған. Құтқару қызметіне түскен хабарлама бойынша, көпірдің 4-іргетасында оқшаулағыш материалдар мен ағаш қалып элементтері тұтанып кеткен. Өрт шамамен 30 метр биіктікте басталған.

Оқиға салдарынан өрттің көпір құрылымына таралуына жол берілмеген.

Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.
Айта кетейік, ақпан айында осы көпір бір тәуліктің ішінде екі рет өртенген еді.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

22 сәуірде синоптиктер Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасының нашарлауы мүмкін екенін ескертті...

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақмыс» корпорациясы акционер Нұрлан Артықбаевқа және Бақылау кеңесіне 2026 жылғы бір...