Алматыда сақтандыру инвестициясы деген желеумен жасалған алаяқтық схемасы әшкереленді

Фото: freeik

ЖАҢАЛЫҚТАР
817

Алматыда сақтандыру инвестициясы деген желеумен жасалған алаяқтық схемасы әшкереленді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, 2013–2021 жылдар аралығында күдікті «Partners & Consultants» атты «Өмірді сақтандыру» жобасы арқылы өмірді сақтандыру бағдарламалары мен жинақтаушы сақтандыру салымдарына инвестиция салу деген сылтаумен азаматтардың ақшасын иемдену схемасын ұйымдастырған.

Азаматтарды өзіне бағынысты «Evroasia Global Investment» АҚ және «Evropa Investment» ЖШС есепшоттарына ақша аударуға үгіттеп, жылына 12%-ға дейін тұрақты табысқа кепілдік берген. Жобаның сенімді екенін дәлелдеу үшін шын мәнінде жоқ халықаралық сақтандыру бағдарламалары мен сертификаттарына сілтемелер қолданылған.

Қаражаттар қолма-қолсыз аударымдар арқылы қабылданып, салымшыларға жалған құжаттар берілген. 270 жәбірленушіге 620 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...