Ішімдікке әуестігім бар, сынамаңыздар – Данияр Елеусінов

коллаж: MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
115

2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы, кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов ішімдікке әуестігі бар екенін ашық айтып, бұл әдетімен күресіп жүргенін мәлімдеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Боксшы бұл туралы әлеуметтік желідегі жазбасында айтып, қазақстандықтарды өзін сынамауға шақырды.

«Барлығы сынап жатыр ғой. Жол апатына ұшырадым. Ішімдікке әуестігім бар. Онымен күресіп жатырмын. Олимпиадаға қатысқаннан бері жағдай осылай. Бұрын жас кезінде мен де күлгенмін.Сынамаңыздар. Айтқан нәрсеңіз өзіңізге қайта оралуы мүмкін», – деді спортшы.

Соынмен қатар, спортшы қанша жерден ерік жігері бар болса дакейде әлсіз тұстары басып кететін алға тартты.

Данияр Елеусінов – 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында 69 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған Қазақстанның танымал боксшыларының бірі.

 

 
Посмотреть в Threads