Путин мен Трамп жеке кездесу өткізетін болып келісті

Фото: Ресей президентінің әкімшілігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
723

Кремльде өткен келіссөздерден кейін Мәскеу мен Вашингтон екі ел басшылары – Владимир Путин мен Дональд Трамптың жеке кездесуі өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, саммит келесі аптада өтуі мүмкін. Кездесу орны таңдалып қойған, бірақ әзірге құпия сақталуда. Кездесу күнінің нақты уақыты мен саммит бастамашысы кім болғаны да әлі белгісіз.

Бұған дейін Кремльде Путин мен Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф арасында үш сағаттық келіссөз өткен болатын. Бұл – соғыс басталғалы бері Ресей мен АҚШ арасындағы алғашқы жоғары деңгейдегі келісім болмақ.

«Келесі апта бағдар ретінде қарастырылды. Дегенмен дайындық жұмыстары енді ғана басталды, сондықтан нақты күнді айту қиын», – деді Ушаков.

АҚШ-тың беделді басылымдары да бұл ақпаратты растады. The New York Times саммиттің келесі аптада өтуі мүмкін екенін жазса, CNN арнасы логистикалық қиындықтарға байланысты нақты мерзімнің анықталуы қиындауы мүмкін екенін мәлімдеді.

Өз кезегінде Дональд Трамп журналистерге: «Кездесу өте жақын арада өтуі мүмкін деген үлкен ықтималдық бар», – деп мәлімдеді. 

 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...