Аким Астаны Женис Касымбек на своей странице в сообщил об открытии еще одной школы, передает официал...
Руслан Берденовке оқ атқан қылмыскер туралы жаңа мәліметтер тарады
Фото: Instagram
4213
Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиенбай Берденовтың жүргізушісі және полицияның көмегімен қолға түсті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Руслан Берденовті атқан қылмыскердің қалай ұсталғанын айтып берді. Оның айтуынша, жүргізуші Берденовке оқ атылғаннан кейін жедел әрекет етіп, көмекке келген.
«Әкімдіктің айналасында камералар толып тұр. Шабуылдаушы әкімдіктің автотұрағындағы көлікте отырған. Ол жерден қашып шыққан. Біз айтқанымыздай, Берденовтың жүргізушісі дереу әрекетке көшкен. Берденовтің жүргізушісі ғана емес, полиция өкілдері де жедел әрекет етті. Сондықтан оны уақтылы ұстап алды», - деді Сәрсен Құранбек.