Алматыда тауға кеткендер іздестіріліп жатыр: 1 адамның мәйіті табылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1250

Қалалық ТЖД мәліметінше, 26 желтоқсанға қараған түні қала тұрғынынан хабарлама түскен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әйел бауыры екі досымен бірге 24 желтоқсан күні таңертең тауға кетіп, қайта оралмағанын айтқан.

Олардың байланысқа шықпағанына 12 сағаттан асқан.

Хабар түскеннен кейін ТЖМ күштері жұмылдырылып, тікұшақ көтерілді.

Дрон арқылы «Локомотив» шыңы маңынан бір адамның денесі табылды.

Мәйіт теңіз деңгейінен 3700 метр биіктіктен төмен түсіріліп, полицияға тапсырылды.

Қалған екі адам іздестіріліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...