Аида Балаева жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының отбасына көңіл айтты

ЖАҢАЛЫҚТАР
4274

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бүгін өмірден өткен қарымды қаламгер Қажығали Мұханбетқалиұлының қайтыс болуына байланысты отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды "Мәдениет порталы"


"Белгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қажығали Мұханбетқалиұлының қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын.Бар ғұмырын туған халқының әдебиеті мен мәдениетіне арнаған талантты жазушы артында мол әдеби мұра қалдырды. Алматы қаласындағы «Қазақстан» баспасында аға редактор, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газетінде жауапты хатшы, «Жаңа фильм» журналында бас редактор секілді жауапты қызметтерді атқара жүріп, әдебиет пен өнердің өркендеп дамуына өлшеусіз үлес қосты. Өзі өлсе де, артында өлмейтін сөз қалдырған талант иесінің қазасында туған-туыстарының қайғысына тағы да ортақтаса отырып, марқұмның иманы саламат болып, пейіште нұры шалқысын дегіміз келеді", - деп жазды А.Балаева.

author

Қажығали Мұханбетқалиұлы

ЖАЗУШЫ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі өнер иесі Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында елмен сүйінші жаңалығын бөлісіп, қуан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс...