Алматыдан ұшқан ұшақ бортында төбелес болған (ВИДЕО)

видеодан скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
1173

Әлеуметтік желілерде Алматыдан Бангкокқа ұшып шыққан ұшақта екі ер адамның төбелескені түсірілген видео тарады, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Оқиға 13 желтоқсанда болған. Мәлімет бойынша, жолаушылар мас күйде болған.

Көліктегі полиция департаменті төбелестің Алматы әуежайындағы ұшақ ішінде болғанын растады. Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері рейстен шетел азаматтығы бар төрт адамды түсірген. Олардың екеуі алкогольдік масаң күйде болған. Араларында жанжал шығып, ол төбелеске ұласқан.

«Әуе кемесінің бортындағы бұзақылық әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық бұзушылардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.

Көліктегі полиция мұндай әрекетке жол берілмейтінін және қатаң тоқтатылатынын еске салды. Көліктегі тәртіпті бұзуға бағытталған кез келген әрекет елеулі қауіп ретінде қарастырылады. Кінәлілер заң бойынша қатаң жауапкершілікке тартылады.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...