Шерзаттың өлімі: Қаржаубай жаңа арыз түсірмек

Фото: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
2171

Қаржаубай Нұрымов күдіктілердің үстінен жаңа арыз түсірмек, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Талғардағы төбелес кезінде қаза тапқан Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ұлын өлтірді деп ұсталған күдіктілердің үстінен жаңа арыз түсіріп жатыр.

Бұл туралы жәбірленуші тараптың жаңа адвокаты Мейірман Шекеев хабарлады. 

“Біз іс материалдарын зерттей келе қылмыстық іс шеңберінде азаматтық талап берілмегенін анықтадық. Бұл бойынша біз өзіміздің талабымызды дайындап жатырмыз. Оның бәрі Қаржаубай қаржылай пайда көрсін деген мақсатта жасалып отырған жоқ. Оны қамауға алынғандарға сот үкімі шыққаннан кейін олардың мерзімінен бұрын шығып кетуіне кедергі келтіру үшін жасап отырмыз”, дейді Шекеев. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...