Ақтөбеде жүкті әйел баласымен бірге көз жұмды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1156

Ақтөбе қаласында 41 жастағы жүкті әйел Айжан Аязбаева комаға түсіп, кейін көз жұмды. Жолдасының айтуынша, жүктілік асқынусыз өткен, алайда 29 қарашада әйелдің қан қысымы күрт көтерілген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жедел жәрдем қызметкерлері әйелге дәрі беріп, магнезия еккен. Инъекциядан кейін оның жағдайы күрт нашарлап, құсып, тынысы ауырлап, ауызынан көбік шыққан. Әйел перзентханаға жеткізіліп, 13 күн бойы комада жатқан соң қайтыс болды.

Кесар тілігі арқылы дүниеге келген нәрестені де аман алып қалу мүмкін болмады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеру тағайындалғанын хабарлады. Марқұмның отбасы бұл қайғылы жағдайдың алдын алуға бола ма еді деген сұраққа жауап талап етуде.

Шоу-бизнес

MuzArt тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов шұғыл түрде ауруханаға түсіп, өзіне ота жасалғанын мәлімдед...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа адамдар Ақтаудағы Caspian Sea Action Week 2026 экология апталығына қатысты, деп хабарлайды Made...