Алматылықтарды сан соқтырған күдікті Ресейден табылды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2123

Алматылықтарды алдап, 3,7 млрд теңге алған Өзбекстан азаматшасы Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ол 2005-2007 жылдар аралығында Алматыдағы құрылыс компаниясында бухгалтер болып жұмыс істеп, үлескерлерден ақша қабылдап, жалған түбіртектер берген. Бас прокуратураның мәліметінше, 80-нен астам алматылық зардап шеккен.

Іздеуде болған ол 2023 жылдың желтоқсанында Ресейдің Краснодар өлкесінде ұсталды. Қазір әйел тергеу изоляторында отыр.

Оған 5-10 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалуы мүмкін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...