Иманғали Тасмағамбетов-Қазақстанның Ресейдегі елшісі Мәскеуде жас орындаушы Ержан Максиммен кездесті...
Алты бала әкесіз қалды: Ақтөбеде құдықтан кішкентай қызды құтқарамын деп көз жұмған азамат туралы тың дерек
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі
Байғанин ауданында құдыққа түсіп кеткен кішкентай қызды құтқарамын деп қайтыс болған спортшы туралы тың мәлімет шықты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
38 жастағы Нұрбол Бердіғалиев мықты спортшы, тәлімгер болған. Бір отбасының тірегі, 6 баланың әкесі еді. Ол 2017 жылы қыркүйек айынан бастап Жарлы ауылына қоныс аударып, сонда балаларды еркін күреске баулыған. Өмірінің соңына дейін 40-қа жуық республикалық, облыстық деңгейдегі жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын дайярлап шығарған. Оның 20 шәкірті Қазақстан Республикасының «Спорт шеберлігіне үміткер» нормативін орындаған.
Нұрбол Бердіғалиев 9 жасар қызды құдықтан шығарып алам деп көзсіз ерлікке барған.
«Бұл екі үйге ортақ ескі құдық. Аузын ағашпен ескі «покрышкамен» жауып бастырып қойған. 2-3 бала тығылып ойнап жүрген кезде қыз бала құдыққа түсіп кеткен. Құдық шамамен 10 метр, ескі пайдаланылмайтын құдық. Ішіне қоқыс салатын болған. Сол кезде көмекке көршісі Нұрбол Бердіғалиев келіп, құдыққа түсті. Бірақ құдық түбіндегі иістен уланып екеуін де құтқарушылар шығарып алды», - деді Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпенов.