Президенттің жұмыс сапары канадалық трансұлттық компанияның басшысымен кездесуден басталды, деп хаба...
“Әйелді таңдайсың ба, мені ме?”: Ажырасуына себеп болған оқиғасын айтқан блогер көпшілікті таң қалдырды
Фото: видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде Эльза есімді келіншек жеке өміріндегі орын алған оқиғалардың ажырасуға себеп болғанын айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Желіде белсенділік танытқан келіншектің йтуынша, некесінің бұзылуына қайын атасының іс-әрекеті себеп болған.
"Келін болып түскен алғашқы күннен бастап, әр қадамымды бақылап, мазамды алды. Таңғы бестен, алтылар шамасында жатын бөлмеміздің есігін қағып, “келін ерте тұруы керек” деп айқайлайтын. Жасаған тамағымнан мін тауып, сын айтатын.
Сыртқа шығуыма рұқсат бермейтін. Бір шаруамен шықсам, “осы уақытқа дейін қайда жүрсің” деп ұрсатын.
Тіпті, өзіне ұнаған уақытта біздің жатын бөлмемізге кіріп келетін. Бөлмеде батареяға жайылған ішкиімдерімді көріп, “мұны бұл жерге жайма” деп зекитін.
Күйеуім үй шаруасына көмектессе, “келін өзі істеуі керек” деп араласатын".
Эльза өзіне бәрінен де ең ауыр тиген сөздің қандай болғанын да ашық айтқан.
Оның сөзінше, бөлек шығып кеткеннен кейін де қайын атасы үйге жиі келіп, “әйелді таңдайсың ба, мені ме?” деп баласына талап қойған. Ақырында ерлі-зайыптылар ажырасып тынған.
"Өткен өмірім үшін өкпем жоқ, бірақ сол жағдайлар некеміздің бұзылуына себеп болды", – деп қорытты ол.