Алтынай Жорабаева қызының тойына дайындалып жатқанын айтты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1020

Танымал әнші Алтынай Жорабаева жуырда отбасында дүбірлі той болатынын айтты. Бұл туралы ол Жазира мен Жанболаттың ұлының тойында журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында жариялады, деп хабарлады MadeniPortal.kz

"Алтынай Жорабаева да құдағи болуға дайындалып жүр. Танымал әншінің екінші қызына сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады", - деп жазды Анна Данченко.

Әнші бұл жаңалықты ерекше қабылдағанын жасырмады.

"Екі қызымның арасы екі жас. Кішісі әпкесінің рұқсатын алыпты. Үлкен қызым оған бақыт тілеп, өзінің де жолы ашылатынына сенім білдірген. Мұны естігенде жылап алдым! Негізі қыздарыма асықпауға, аяққа тұрып алуға кеңес бергенмін. Бірақ бұйрық осылай болыпты. Алла сол күнге жеткізсін", - деді әнші.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында екі қазақстандық қыздың қаза болғаны белгілі болды, де...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Риддерде 13 жастағы қыз мотоциклмен келе жатып, жолға тартылған арқанға соғылып, көз жұмды. Қайғылы...