Қазақмыс зауытында ауа алмасу жүйесі жаңартылып жатыр

Фото: Қазақмыс

ЖАҢАЛЫҚТАР
36

Қазақмыс корпорациясы құрамындағы Жезқазған мыс балқыту зауыты мыс электролизі цехының катод бөлімінде жаңа желдету жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде. Жоба өндірістегі қауіпсіздікті күшейтіп, жұмысшыларға қолайлы еңбек жағдайын жасауға бағытталған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл учаскеде электролиз процесі тәулік бойы үздіксіз жүреді. Өндіріс кезінде технологиялық шаң пайда болады, ал цех жоғары температуралы өндіріс нысаны саналады. Сондықтан тиімді желдету мен тұрақты ауа айналымын қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі.

Жаңғырту аясында 50-ден астам заманауи желдеткіш орнатылады. Олар ыстық әрі ластанған ауаны сыртқа шығарып, шаң көлемін азайтуға және ғимарат ішіндегі ауа сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жабдықтардың бір бөлігі терезе маңына қойылған. Бұл сырттан салқын ауаның келуін қамтамасыз етіп, цехтағы микроклиматты тұрақты ұстауға көмектеседі.

Жоба 2026 жылдың басында басталған. Қазір монтаждау жұмыстары аяқталу кезеңіне жақындап қалды.

Алдағы уақытта кәсіпорында жалпы цехтық желдету жүйесін де жаңарту жоспарланған. Соның нәтижесінде ауа алмасу тиімділігі одан әрі артады.

Бұл бастама компанияның өндірісті жаңғырту, еңбек қауіпсіздігін күшейту және қызметкерлердің жұмыс жағдайын жақсарту бағытындағы кешенді жұмысының жалғасы саналады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Тамара Асар әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды, деп хабарлайды MadeniPo...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарда сот балабақша тәрбиешісіне қатысты үкім шығарды, ол 2–2,5 жастағы 16 баланы азаптағ...