“Анасы мен өгей әкесі”: үш жасар алматылық қыздың өліміне күдіктілер аталды

Tengrinews.kz

Жаңалықтар
671

Қазір баланың анасы мен оның бірге тұратын адамы ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынған

Полиция Алматы облысында жоғалып, кейін денесі табылған үш жасар Айя-София өліміне күдікті ретінде кімдердің ұсталғанын айтты. Қыздың анасы мен азаматтық некеде бірге тұрған ер адам қамауға алынған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

Үш жасар Айя-София 17 наурызда Алматының жанындағы Күш ауылында жоғалып кетіп, бірнеше ай бойы іздеуде болды. Шілде айының соңында полицейлер жоғалған балаға тиесілі сүйек қалдықтарын тапты. Бұл кезде полицейлер қылмысқа күдіктілердің ұсталғанын, бірақ олардың жеке басын ашпаған болатын.

Алматы облысының полиция департаменті қызды өлтірді деген күдікпен кімнің ұсталғанын мәлімдеді. Айтуларынша қазір баланың анасы мен оның бірге тұратын адамы ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынған.

"Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайлар анықтауға бағытталған. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданады", - делінген полиция хабарламасында.

Айта кетсек, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында үш жасар Айя София із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. 17 наурызда үйінен шығып кеткен бүлдіршінді ешкім көрмеген. Қыздың анасы полицияға сол күні кешке хабарласқан. Кейін полиция департаменті Күш ауылында жоғалып кеткен үш жасар қызды біреу өлтіріп кетуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...