Әнші Бейбіт Қорған ұшақта жолаушылардың мазасын алған

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1410

Қазақстандық эстрада жұлдызы Бейбіт Қорған Атырауға ұшқан әуе рейсінде ережені бұзғаны үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Orda.kz сайтына сілтеп.

Куәгерлердің сөзінше, әнші балағат сөздер айтып, жолаушылардың мазасын алған. Сондай-ақ ол әуе компаниясының талаптарына бағынудан үзілді-кесілді бас тартқан.

Әуежайға қонған соң оны полиция қызметкерлері қарсы алып, «кішігірім бұзақылық» пен «құқық қорғаушыға бағынбау» баптары бойынша хаттама толтырды.

Бүгін Атырау қаласында өткен сотта Бейбіт Қорған кінәлі деп танылып, 196 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...