Шетелдегі этникалық қазақтарға елге көшіп келгенде берілетін «оралман» мәртебесін «...
Қарсы жолаққа шығып кеткен: Қостанай облысында әйел көз жұмды (ВИДЕО)
видеодан алынған скрин
Қостанай облысында жүк көлігі мен жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысып, әйел адам қаза тапты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы КТК жазды. Жол-көлік оқиғасы 29 қыркүйек күні таңертең Алматы – Екатеринбург тасжолында, Қайрақ ауылының маңында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, «Газель» мен «Лада» автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан. Куәгерлердің сөзінше, жүк көлігі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, сол сәтте қарсы келе жатқан жеңіл көлікпен соқтығысқан.
Соққының қатты болғаны сонша, «Лада» көлігін басқарған әйел оқиға орнында көз жұмды.
Ал «Газель» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақат алып, медициналық көмекке мұқтаж болған. Екеуі де ауруханаға жеткізілді.
Жол апатының нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.