Алматыда тағы бір курсант көз жұмды: Ұлттық қауіпсіздік комитеті түсініктеме берді

Ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
3033

Комитеттің мәліметіне сәйкес, үшінші курста оқыған курсант демалыс алып кеткен.

"2024 жылғы 22 қыркүйекте Алматы қаласының көпқабатты тұрғын үйінің ауласынан кезекті демалысқа босатылған 3-курс курсантының мәйіті табылды. Жас жігіт биіктен құлап, қайтыс болды. Полиция органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның мән-жайы және оның әрекетіне түрткі болған жағдайлар зерделеніп жатыр", – делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін Алматы қалалық полиция депаратменті Қылмыстық кодекстің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша тергеу басталғанын хабарлаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...