Ақмола облысында бөгетті нығайту жұмыстары әлі де жалғасуда

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1913

Біржан Сал атындағы ауданның Макинка ауылының маңында каскадты бөгетті нығайту және су айдау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

ТЖМ күштерімен инертті материалдары бар қапшықтар төселіп, 15 мың текше метрден астам су айдалды. 

Біржан Сал атындағы ауданның ТЖБ бастығы Денис Шелкоплясов түсініктеме берді. 

Сондай-ақ, Ақкөл ауданы Еңбек ауылының маңында еріген сулардың егістіктен келуімен байланысты Жарлыкөл көлінің су деңгейі көтерілді. Жеке тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады. 

Құтқарушылар инертті материалдары бар 5 мыңнан астам қапшықтарды төседі. Бөгеттің денесі нығайтылып, өнімділігі жоғары су сору станциялары орнатылды. 

ТЖМ, ЖАО, ТЖМ 55209 ә/б әскери қызметшілерінің жедел іс-қимылдарының арқасында жеке тұрғын үйлерді су басудың алдын алды. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты резонансты сот процесі жалғасып жатыр. 7 тамы...

СПОРТ

Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев Халықаралық зағиптар спорт фед...