Ұшақ апатынан көз жұмған қазақстандықтарға қанша төлемақы беріледі?

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2507

Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына берілетін төлем мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқандардың отбасына төленетін жоспарлы төлемдердің қанша екенін айтты.

“Бір реттік көмек көрсетіледі. Қазір мөлшері анықталуда. Кепілдендірілген мемлекеттік төлемдерге келсек, республикалық бюджет арқылы әрбір отбасына тиісті төлемдер жасалады. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 138 мың теңге көлемінде көмек көрсетіледі. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы 257 мың теңге”, - деді Сарбасов.

Шоу-бизнес

Танымал қазақстандық эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева отбасында дүркіретіп той жасады, деп хабарлад...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арман Исагалиев Қазақстан Республикасы сыртқы істер минист...