Алматы тауларында жоғалып кеткен тағы екі туристтің мәйіті табылды

Алматы ТЖД

ЖАҢАЛЫҚТАР
655

Алматы қаласының Медеу ауданында жоғалып кеткен туристерді іздеу бойынша іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлады  MadeniPortal.kz Алматы қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Кеше жоғалып кеткен туристердің мәйіттері «Локомотив» шыңы маңынан теңіз деңгейінен шамамен 3700 метр биіктікте құтқарушылар тарапынан табылды. Бұған дейін іздестіру-құтқару жұмыстары барысында осы топтан тағы бір қаза тапқан адам табылған еді. Оқиға салдарынан үш адам қаза болды.

Хабар түскен сәттен бастап «Мыңжылқы» бөгеті ауданында жедел штаб құрылды. Іздеу операциясына Алматы қалалық ТЖД бөлімшелері, ҚР ТЖМ РОСО, құтқару қызметтері, полиция, Альпинизм федерациясы және еріктілер жұмылдырылды. Әуеден барлау жүргізу үшін тікұшақ тартылды.

Барлығы іздестіру-құтқару жұмыстарына шамамен 80 адам, 12 техника бірлігі, төрт кинологиялық есептоп және төрт ұшқышсыз ұшу аппараты қатысты. 

Жұмыстар күрделі биік таулы жағдайда жүргізіліп, төмен температура, сирек ауа, көшкін қаупі және жер бедерінің күрделілігі себепті қиындай түсті — бұл авиацияны қолдануды шектеп, іздеу топтарының ілгерілеуін баяулатты. Құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппараттарын, металл іздегіштерді, іздеу сүңгілерін және шанцев құралдарын пайдаланды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты мәйіттерді түсіру жаяу түрде «Медео» құтқару бекетіне дейін жүзеге асырылды. Қаза тапқандардың мәйіттері полиция қызметкерлеріне тапсырылды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Туыстарына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...