Қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына қаржылай көмек көрсетілді

Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
61

Қайғылы жағдайда қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына жиналған қаржылай көмек табысталды. Қаражат марқұмдардың жақындарына теңдей бөлінген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Кеңес төрағасы Бекмұрат Жүсіповтің айтуынша, қаржыны бөлу кезінде ашықтық пен әділдік қағидаттарына ерекше назар аударылған. Әр отбасының тең мөлшерде көмек алуына жағдай жасалған.

Қаражатты есепке алу және үлестіру жұмыстарына қаза тапқан әскери қызметшілердің ата-аналары да тікелей қатысқан. Осылайша, қаржылай көмекті бөлу процесі марқұмдардың жақындарының қатысуымен жүргізілген.

Алайда отбасыларға берілген қаражаттың нақты көлемі жарияланған жоқ. Кеңес төрағасының сөзінше, мұндай шешім қаза тапқан сарбаздардың ата-аналарының өтініші негізінде қабылданған.

Сонымен қатар қайғылы оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер де назардан тыс қалмаған. Оларға қосымша материалдық көмек көрсету қарастырылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деп айыпталған ер адам 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларға ілтипат білдіріп, саммитті ойдағыдай ұйымд...