АҚШ дипломаттары Қазақстанға ресми сапармен келеді

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1132

26–30 қазан аралығында АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілдері Қазақстан мен Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Сапар барысында Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкіл Серджио Гор, АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау екі ел үкіметінің өкілдерімен кездеседі.

Келіссөздерде экономикалық әріптестік, аймақтық қауіпсіздік, сауда байланыстарын кеңейту сияқты мәселелер қаралады.

«АҚШ Орталық Азия елдерімен серіктестікті нығайтып, сауда және ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастырады», — делінген дипломатиялық хабарламада.

Бұл сапар АҚШ пен Орталық Азияның бес мемлекеті қатысатын C5+1 дипломатиялық форматтың 10 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Платформа өңірлік қауіпсіздік, экономика және байланыс салаларындағы бірлескен жобаларды дамытуды көздейді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...