Перизат Қайраттың бұрын «Тамаша» театрында ойнағаны белгілі болды

Фото: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1288

«Біз біргеміз» деген қайырымдылық қор ашып, оған түскен 3,5 млрд теңгені қалтасына басқан Перизат Қайрат биыл жазда 10 жылға сотталған еді. Анықталғандай, осыдан 11 жыл бұрын ол актриса ретінде «Қуандық пен Бақыт» театрында жұмыс істеген екен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.

Қолымызға түскен видеоға қарасақ, Перизат Қайрат актер Қуандық Шәкіржановпен бір сахнада өнер көрсетіпті.

Видео 2014 жылы 11 қаңтарда желіге жүктелген. Перизат Қайрат онда Қуандық Шәкіржановтың әйелінің рөлін сомдаған.

Оның сондай-ақ қазіргі танымал актерлермен бірге түскен суреттері де бар екен.

Айта кетейік, Перизат Қайрат 2024 жылдың қарашасында қазақстандықтардың қайырымдылыққа деп жинаған 3 млрд теңгеден астам қаражатын өз қажетіне жұмсап, талан-таражға салғаны үшін ұсталған.

Бұл қаражат мүмкіндігі шектеулі балаларға, Қазақстандағы су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккендерге қайырымдылық көмегі ретінде жиналған. Қылмыстық іс сотқа жолданды. 9 шілдеде Астана сотында ұрланған қаражаттың жалпы сомасы нақтыланып, 3,5 миллиард теңгені құрағаны айтылды.

Сот үкімімен Перизат Қайрат 10 жылға, ал анасы 7 жылға сотталған болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылғы 29 қаңтарда Санкт-Петербургтің Ленин аудандық сотында танымал боксшы Дмитрий Биволдыңбұры...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алкогольдік мас күйде болған, шизофрениямен ауыратын ер адам Екібастұзда әйелін шәйнекпен ұрып-соққа...