Мобилограф Қыран Талапбек танымал футболшы Роналдиньомен суретін жариялады

Фото: instagram.com/kyran_talapbek

ЖАҢАЛЫҚТАР
2692

Қазақстандық атақты мобилограф, кәсіпкер Қыран Талапбек шетелде танымал футболшымен кездескен суретін жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Ол бразилиялық футболшы Роналдиньомен бірге түскен суретін әлеуметтік желідегі парақшасына салды. 

Мобилограф Дубайға жұмыс бабымен барғанын айтты. Сонымен қатар спортшының саяси көзқарасы туралы пікірін де жеткізді. 

"Балалық шағымның аңыз адамы. Израильдегі соғысты қолдайды дегендерге айтарым: Ол аузын жапса, бәрі тоқтап, соғыс бітіп қала ма?", - деп жазды ол желіде. 

Ал әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі әдеттегідей екіге бөлінді. Танымал футболшымен кездескен Қыран Талапбекті біреулер "бақытты, жолы болғыш адамға" теңеп жатса, енді біреулер футболшының саяси көзқарасы үшін оны сыйламайтынын жазған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...