Көшпенділер ойынында чемпион атанған қазақ көкпаршылары 10 млн теңге алды

Фото: видеодан скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
3995

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан чемпион атанған Қазақстан құрамасы 10 млн теңгенің сертификатын алды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Желіде тараған видеодан байқап отырғанымыздай, көкпаршылардың көңіл-күйлері жақсы. Алтын медальдарын сүйіп, тістеп тұрған қазақ жігіттері жанкүйерлеріне алғыс айтып тұр.

Сондай-ақ, көкпаршылар жеңіске жеткен соң көк туымызды көкке көтеріп көрермендер мен жанкүйерлерінің алдында жүріп өтіп, қуаныштан бас киімдерін аспанға лақтырып жатты. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін қазақ көкпаршылары V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жасыл түске боялған Есіл өзені тазартылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Жасыл түске боя...

Шоу-бизнес

Pin Up онлайн-казиносына қатысты тергеу аясында тағы бір блогерге ресми түрде іздеу жарияланды, деп...