Қостанай облысындағы су айдындарының бірінен қыздың мәйіті табылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
800

Қостанай облысындағы су айдындарының бірінен қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға Арқалық қаласында болған.

Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ екені хабарланды.

Облыстық полиция мәліметінше, су айдынынан қыздың денесінің табылуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр», - дейді полициядағылар.