Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айт...
АҚШ-та ұшақта ақау шығып, 200-ден аса жолаушы эвакуацияланды (ВИДЕО)
Фото: abcnews.go.com
2130
Атлантадан ұшатын Delta әуе компаниясының ұшағы қозғалтқыштағы ақау себебінен сапарын оқыс тоқтатқан. Abcnewsжазуынша, жолаушылар қарлы дауылда жүгіртпе жолдары арқылы эвакуацияланған, деп хабарлайды madeniportal.kz Malim.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Оқиға жұма күні таңертең болған. Delta Flight 2668 Хартсфилд-Джексон Атланта халықаралық әуежайынан Миннеаполис-Сент-Польге бағыт алған. Бірақ таңғы 9:00 шамасында қозғалтқыш ақауының белгісі байқалған соң, ұшу тоқтатылған.
Оқиға салдарынан 4 жолаушы жеңіл жарақат алған. Олардың біреуі жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Қалған үш жолаушы оқиға орнында ем қабылдаған.
Ұшақта жалпы 201 жолаушы және жеті экипаж мүшесі болған.