Павлодарда оқушы қараусыз жатқан телефоннан терроризм туралы жалған хабар таратқан

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
110

Павлодарда оқушы қараусыз жатқан телефоннан терроризм туралы жалған хабар таратқан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жасөспірім сабаққа кешігіп келіп, спорт залынан қараусыз жатқан телефонды тапқан.  

Жедел қызмет нөміріне қоңырау шалып, терроризм актісі дайындалып жатқанын айтқан. Полиция қоңырау түскен нөмірді тез анықтап, оқушыны тапты. Оқушы мұндай әрекеттің салдарын ойламағанын айтты.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жасөспірім заңды өкілдерінің бақылауына берілді.

Мұндай қылмыс үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ жедел қызметтің шығынын өтеуге тура келеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда электромобильдерге арналған жаңа мемлекеттік нөмір үлгілері әзірленді. Ішкі істер минист...

Шоу-бизнес

Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар «АБК» тобының қалай құрылғаны туралы осы уақытқа дей...