Сүйіктісін өлтірген жасөспірім алғаш рет қылмыстың себебін айтты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
624

Алматыдағы кәмелетке толмағандарға арналған түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан жасөспірім сүйіктісінің өмірін қиюына не себеп болғанын айтып берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оның сөзінше, марқұм қызбен үш жылға жуық кездескен. Алайда арадағы қызғаныш пен өзара түсініспеушілік ақыры қайғылы жағдайға ұласқан.

Жасөспірім жанжал кезінде ашуға беріліп, қызға қалай қол көтергенін өзі де аңғармай қалғанын айтты. Ол ауыр қылмысты ешкімнің көмегінсіз жалғыз жасағанын мойындады. Сот оны адам өлтіру бабы бойынша кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырған.

Қазір сотталушы жасаған ісіне қатты өкінетінін жеткізді. Оның айтуынша, егер уақытты кері қайтаруға мүмкіндік болса, сол күні жанжалға араласпай, үндемей кетіп қалар еді.

«Сол кезде осындай шешім қабылдағанда, бүгінде ата-анамның жанында, бостандықта жүрер едім», – дейді ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде Неке сарайында адам қолынан қаза тапқан әйелдің артында 4 баласы қалды. Олардың екеуі күдік...

Медицина

Нұрлыбек Асылбеков Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды. Бұға...