Атыраулық хакер жоғалған отбасы мүшелерінің қайда екенін білетін адамды атады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
2345

Атырау облысындағы жоғалып кеткен отбасы жайлы тағы бір тың дерек шықты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Өзін "Атыраулық хакер" деп таныстырған желі қолданушысы жаңа дерекпен бөлісті.

"Қазіргі таңда мендегі ақпаратқа сәйкес, мен видеода отбасы мүшелерінің бірінің банктік картасы Бали аралында тіркелгенін айтқаннан кейін, банк отбасы мүшелерінің барлық банктік шоттарын бұғаттаған.
Осыдан кейін карта арқылы төлем жасау да, оны пайдалану да толықтай тоқтатылды. Бүгінгі күнге дейін Наурыз бен Мейрамгүлді іздеу жұмыстары тоқтатылған. БАҚ-та іздеуді жалғастыру туралы сұраулар түспегені хабарланып, соған байланысты іздестіру шаралары тоқтатылғаны айтылуда.

Демек, бұл екеуі әлі күнге дейін табылған жоқ.
Ал әлі де жауабы жоқ «Наурыз бен Мейрамгүл қайда?» деген сұрақтың жауабын Сұлтан ғана біледі", - дейді Атыраулық хакер.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей...