Ақтауда әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты мерекелік шаралар тоқтатылды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
606

Ақтау қаласында Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғаға байланысты 25-27 қыркүйекке жоспарланған бірқатар мерекелік шара өтпейтін болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің Instagram парақшасында мәлімделді.

Атап айтқанда, 25 қыркүйекте «Амфитеатр» алаңында өтуі тиіс болған «Каспий – достық теңізі» халықаралық фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі тоқтатылды.

Сонымен қатар 27 қыркүйекке жоспарланған фестиваль-байқаудың жабылу рәсімі мен Ақтау қаласының күніне арналған мерекелік гала-концерт те өткізілмейді.

Қала әкімдігі Каспийдегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Қайғылы оқиғаға байланысты мерекелік шараларды тоқтату туралы шешім қабылданды», – делінген әкімдік хабарламасында.

Шоу-бизнес

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойынан бей...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық тасжолда көлік қозғалы...