Танымал әнші Төреғали Төреәлі тұңғышы Кәусар туралы айтып, оған шығарылған әннің тарихын баяндады, д...
«Тойдың сәнін келтірді»: Қайрат Нұртастың анасының Мейрамбекке арнаған тілегі көпшілікті сүйсінтті (ВИДЕО)
ашық дереккөз
Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойынан бейнежазба жариялады. Ол жолдасымен бірге мерейтой иесіне арнап ән шырқаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында мерекелік кештен үзінді бөлісіп, Мейрамбек Беспаевқа жүрекжарды тілегін арнады.
«Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойынан естелік сәт. Туған күніңіз құтты болсын! Алла Тағала ғұмырыңызды ұзақ етіп, 100 жасқа, одан да көп жасқа жетуді нәсіп етсін. Отбасыңыздың ортасында бақытты да мағыналы ғұмыр кешіңіз. Барлық ақ тілектер қабыл болсын», – деп жазды ол.
Бейнежазбада Гүлзира Айдарбекова күйеуі Нұртас Айдарбековпен бірге мерейтой иесіне арнап ән орындағанын көруге болады.
Желі қолданушылары өнер иесін құттықтап қана қоймай, Айдарбековтер отбасына да жылы лебіздерін білдірді.
«Бұл отбасын қатты жақсы көремін, ұзақ әрі бақытты өмір сүріңіздер», «Нұртас мырза мен Гүлзира ханым қандай керемет жандар! Қай тойға барса да сәнін келтіреді. Бақытты болыңыздар», «Керемет, тамаша», – деп жазды оқырмандар.
Айта кетейік, Мейрамбек Беспаев 7 қарашада 50 жасқа толды. Әнші мерейтойын туған-туыстары мен жақын достарының ортасында атап өтті.