Ақтауда балықтан уланған 9 жасар баланың жағдайы ауыр

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
499

Ақтауда балықтан уланып, ауруханаға түскен 9 жастағы баланың жағдайы ауыр.  Дәрігерлер оған ауыр дәрежедегі ботулизм диагнозын қойған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бала ауруханаға ес-түссіз жағдайда жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Оған ботулизмге қарсы сарысу да енгізілген.

Еске салайық, 19 қыркүйек күні Басқұдық ауылында ысталған балық жеп уланған үш ересек пен кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылған болатын. Қалған науқастардың да жағдайы ауыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Дүйсенбі, 23 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Солтүстік Қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы, Шымкент және Павлодарда есірткі тасымалдады деген күдікпен үш адам ұсталды, деп хабарлайды M...