Астанада 223 «iPhone 18»-ді заңсыз әкелмек болғандар ұсталды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
521

Астана әуежайында кеденшілер шетелден заңсыз әкелінген 223 iPhone 18 және 10 жұп AirPods тәркіледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жолаушылар құрылғыларды багажында алып келгенімен, кедендік декларация тапсырмаған. Бір адамның жүгінен бірден 50 смартфон табылған.

Қолданыстағы тәртіп бойынша жеке пайдалануға бір адамға екі смартфоннан артық әкелуге рұқсат етілмейді.

Ұсталған техника уақытша сақтау қоймасына орналастырылды. Қазір материалдар бойынша әкімшілік іс қаралып жатыр.

СПОРТ

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров пен оның бапкері Ал...

Шоу-бизнес

Белгілі әнші Ақбота Керімбекова үлкен ұлының ажырасуына не себеп болғанын айтып, бұрынғы келінімен қ...