Ақтауда өгей әкесі 16 жастағы қызын айуандықпен қорлады

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1145

Ақтауда өгей әкесі 16 жастағы қызды соққыға жықты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Оның миы шайқалып, бет-аузы көгерген. Полиция "Денсаулыққа қасақана зиян келтіру" бабы бойынша іс қозғады.

Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия өкілдері анасы мен қызы ұзақ жылдар бойы зорлық-зомбылық көріп келгенін анықтаған. Мамандардың айтуынша, күдікті әйелі мен өгей қызына күн көрсетпей, ұрып-соққан.

Полиция бұл жағдай бойынша "Денсаулыққа қасақана зиян келтіру" бабымен іс қозғап, тергеуді бастап кетті.

"Кәмелетке толмаған жасөспірім қыздың өгей әкесінен қорлық көріп, оны ұрып-соққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Көмек сұрады. Бүгін психологымыз барып қызбен сөйлесіп, оған моральдық, психологиялық қолдау көрсетті. Қыз баланың бойында әлі де қорқыныш, үрей бар", –дейді кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия мүшесі Светлана Әлібекова.

Оның айтуынша, қазір бұл іс бойынша комиссия мен полиция департаменті және облыстық прокуратура бірігіп жұмыс істеп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...