Наташа Қалымбетова тағдырына қатысты тағы бір сұмдықтың бетін ашты

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
527

Отыз жылдан астам уақыт бойы өзін зорлаған бір топ жігіттің иттігі мен жаны мен тәнін жаралаған ауыр жарасымен жылдарын өткізген Наташа Қалымбетова журналист Дана Нұржігітке берген сұхбатында тағы бір сұмдықты айтты деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Наташа Қалымбетова отбасындағы тәрбиеге тоқталып, анасының түсініксіз қатал тәрбиесін еске алып: "Етеккірім келгенде, әлі есімде, кілемнің шаңын қаққышпен әбден сабап ұрған еді. 

Не үшін ұрғанын әлі күнге түсінбеймін. "Білмеймін неге етеккірім келгенін" дегенімде ғана, бір уыс мақтаны бетіме лақтырып жіберді. 

Ағаларымды білемін, үйдің ішкі жағдайын да білемін. Олардың қазір мені қолдауға, "бұрын қорғай алмағанымызға кешір" деуге батылдары бармай отыр", деді. 

Еске салып өтейік, блогер Наташа Қалымбетова өзін осыдан отыз екі жыл бұрын оралдық жігіттер аусыз зорлап, "өлсін" деп өзенге лақтырып кеткенін мәлімдеп, қоғамды таяуда дүр сілкіндірген болатын. Қазіргі кезде осы мәселе бойынша іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылдың тамыз айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтарды 10 демалыс күні к...

ЖАҢАЛЫҚТАР

30 жыл бұрын зорлық көрген Наташа Қалымбетова қызы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды MadeniPortal.k...